Accessibility links

Пентагон: АҚШ әскері әзірге Сирияда қала бермек


Джим Мэттис, АҚШ қорғаныс министрі.

АҚШ Сириядағы әскери әлеуетін сақтап, "Ислам мемлекеті" терорлық тобымен күресті күшейтуге ниетті деп мәлімдеді АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис сенаттың қорғаныс ісі жөніндегі комитетінде өткен тыңдауда.

Пентагон басшысы АҚШ-тың исламшылдармен күреске Таяу Шығыстағы басқа елдерді көбірек тартпақ ойы бар. Мэттистік сөзінше, соңғы уақытта аймақтағы экстремистік топтардың белсенділігі артқан.

Сәуірдің басында АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияда америкалық әскерді бұдан ары ұстаудың қажеті жоғын мәлімдеген. Ол алдағы уақытта Сирия аумағынан АҚШ әскерін толық шығару туралы шешім шығаруға уәде берген.

XS
SM
MD
LG