Accessibility links

Ұлттық экономика вице-министрлері тағайындалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан үкіметінің қаулысымен Дана Жүнісова мен Мадина Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрлері қызметін тағайындалды.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жаңа орынбасарларын таныстырды. Сүлейменов Жүнісбеков стратегиялық жоспарлау және талдау мәселелеріне, ал Жүнісоваға халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ындымақтастық мәселелеріне жауап беретінін айтты.

33 жастағы Дана Жүнісова Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін бітірген, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің дирекциясында, жеке компанияларда жұмыс істеген. 2013 жылы қазанда "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары болған. Бұл палата президиумын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаеваның күйеубаласы Тимур Құлыбаев басқарады.

Мадина Жүнісбекованың жасы ашық ақпарат көздерінде көрсетілмейді. Үкімет сайтында жарияланған ресми өмірбаянында оның Мәскеу мемлекеттік университеті мен Франциядағы университеттің түлегі, "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты екені айтылады. Ресми өмірбаянда Жүнісованың "еңбек жолын 2010 жылы" бастағаны", коммерциялық секторда жұмыс істегені, екі жылдан соң президент әкімшілігі жетекшісі хатшылығының инспекторы болғаны айтылады. 2014 жылы премьер-министрдің кеңесшісі, сол жылы премьер-министр кеңсесі ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болған.

XS
SM
MD
LG