Accessibility links

Сараптама: Ratel.kz тілшісі мақаласында белсендіні қараламаған


Сүйін Абулда, шымкенттік белсенді.

27 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен брифингте судья Бүркіт Байдуллаев Ratel.kz порталының аймақтағы тілшісі Динара Бекболаеваның ісі бойынша түсінік берді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бүркіт Байдуллаевтың айтуынша, Шымкенттегі Абай аудандық сотына азаматтық белсенді "Мемлекет Туы" жастар одағының" төрағасы Сүйін Абулда Ratel.kz порталының аймақтағы тілшісі Динара Бекболаеваның үстінен жеке шағым түсірген.

"Шағым негізінде Қылмыстық кодекстің 130-бабы ("Жала жабу"), 131- бабы ("Қорлау") бойынша іс қозғалды. "Сот "Акимат ЮКО платил за троллинг Габидуллы Абдрахимова?" тақырыбында шыққан сараптамалық мақаласына сараптама тағайындап, оның қорытындысы шықты" деді судья.

Ratel.kz порталының аймақтағы тілшісі Динара Бекболаева Шымкенттегі мемлекеттік сараптама орталығының психология-филологиялық сараптама өткізіп, қорытынды шығарғанын растады. Журналист сараптама өзінің "Акимат ЮКО платил за троллинг Габидуллы Абдрахимова?" атты мақаласында арызданушы Сүйін Абулданың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеген, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәлімет жоқ деп тапқанын айтты.

Сүйін Абулда Динара Бекболаеваның үстінен жеке шағымын 2 наурыз күні Абай аудандық сотына түсірген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG