Accessibility links

Қос Корея мемлекеті Корей түбегін "ядролық қарудан арылтпақ"


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (сол жақта) мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин. 27 сәуір 2018 жыл.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (сол жақта) мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин. 27 сәуір 2018 жыл.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин 27 сәуірдегі тарихи саммиттен соң Корей түбегін ядролық қарудан арылтуда бірге жұмыс істеуге келісті.

BBCдің хабарлауынша, бұл туралы екі ел басшылары бүгін өткен келіссөзден соң мәлімдеді. Келіссөз Оңтүстік Кореяның Солтүстік Кореямен шекарасына жақын Пханмунджом елді мекенінде өтті.

Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин келіссөз қарсаңында екі ел шекарасына бейбітшілік белгісі ретінде қайың ағашының қос көшетін отырғызды.

Көшеттер 1953 жылы Корей түбегіндегі соғыстың аяқталғаны жөніндегі келісімге қол қойылған соң отырғызылған қайың ағашынан алынған.

"Оңтүстік және Солтүстік Корея Корей түбегін толық ядролық қарусыздандыруды мақсат еткенін растайды" делінген мәлімдемеде. Бірақ онда Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтататыны туралы айтылмайды.

"Екі ел де Солтүстік Корея бастаған шаралар Корей түбегін ядролық қарудан ада қылуда өте маңызды қажет деген ұстанымда және бұған қатысты өздеріне тиісті шараны атқаруға келісті" делінген мәлімдемеде.

Екі ел бұл мақсатқа жетуде "халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастық орнатып, оны белсенді қолдауға" уағдаласқан.

Көре отырыңыз: Қос Корея басшыларының кездесуі

XS
SM
MD
LG