Accessibility links

Қытай компаниясы: Душанбе алтын кеніштерін беруге әзір


Тәжікстандағы алтын өңдейтін фабрика (Көрнекі сурет).

Тәжікстан үкіметі "Шығыс Дуоба" және "Жоғарғы Кумарг" алтын кешінтерінің табысы жылу электр станциясының (ЖЭС) құрылысына кеткен шығынды толық жаппаса, басқа да алтын кеніштерін беруге уәде етті деп мәлімдеді Қытайдың ТВЕА компаниясының басшылығы.

Тәжікстан билігі Душанбе ЖЭС-2-ні салғаны үшін қытайлық компанияға екі алтын кенішін өндіруге берген. ТВЕА Қытайдың "Эксимбанкінен" 349 миллион доллар несие алып, 2016 жылы қуаты 400 мегаватт болатын ЖЭС тұрғызған.

stcn.com сайтына сұхбат берген ТВЕА басшысы Чжан Синь тәжік үкіметінің басқа да алтын кеніштерін өндіруге келісім бергенін айтты.

Бұған қоса, Тәжікстан ТВЕА компаниясына Соғды облысындағы Зидды кентіне жақын көмір кенін өндіруге лицензия берген. Дегенмен қытай компаниясы оны пайдасыз деп тауып, көмір кенішінен бас тартқан.

"Қазір біз Тәжікстан үкіметі мен қытайлық ТВЕА компаниясы арасында инвестициялық келесім жобасын дайындап жатырмыз. Біздің есебіміз бойынша, екі кеніштегі алтын қоры компания шығынын жауып қана қоймай, одан асып түседі" деді энергетика министрлігіндегі дереккөз.


ТВЕА компаниясы кеніштегі алтын қорының көлемін коммерциялық құпияға жатқызды. Совет дәуірінде жүргізілген зерттеулерде "Шығыс Дуобе" кенінде 117 тоннадан астам алтын бары айтылған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG