Accessibility links

Трамп пен Меркель кездесті


Трамп пен Меркель Вашингтонда. 27 сәуір 2018 жыл
Трамп пен Меркель Вашингтонда. 27 сәуір 2018 жыл

27 сәуірде Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Германия канцлері Ангела Меркель кездесті. Келіссөзден кейін өткен баспасөз мәслихатында Меркель АҚШ пен Германия арасындағы "Ресейге қатысты істердегі ынтымақтастықты" атап өтті.

Меркельдің сөзінше, Батыстың Ресейге салынған санкцияларынан неміс фирмалары да "азды-көпті зардап шеккен".

Ал Трамп Германияны қорғанысқа аз қаржы бөлінетінін сынаған. АҚШ президентінің пайымдауынша, Германия Жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) үштен бірін қорғаныс саласына жұмсау керек.

Меркель Трампқа 2019 жылдан бастап қорғанысқа ЖІӨ-нің 1,3 пайызы жұмсалатынын айтты. Германияда әскери салаға ЖІӨ-нің 1,25 пайызы бөлінеді.

XS
SM
MD
LG