Accessibility links

СІМ Корей түбегіндегі кездесуге қатысты мәлімдеме жасады

Оңтүстік Корея Мун Чже Ин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын. 27 сәуір 2018 жыл.
Оңтүстік Корея Мун Чже Ин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын. 27 сәуір 2018 жыл.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея президенттерінің кездесуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Министрлік мәлімдемесінде "Қазақстан Пханмунджом шекара бекетіндегі Оңтүстік Корея Мун Чже Ин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын арасындағы кездесуді құптайды. Еі ел арасындағы диалогты жандандыруға, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайту келіссөздердін жоғары бағалайды" деп жазылған.


Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайды диалог халықаралық мәселелерді шешудегі жалғыз дұрыс амал болып деп есептейді. Ресми Астана Кядролық қарудан бас тарту туралы екі елдің уағдаластығын да қолдады.

27 сәуірде Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин арасындағы келіссөз шекара түбіндегі Пханмунджом аймағында өтті. Ким Чен Ын 1953 жылдан бері Оңтүстік Кореяға бірінші рет барған Солтүстік Корея басшысы атанып отыр. 65 жыл бұрын Корей соғысында бітім жасалған, бірақ бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қойылмаған.

Ким Чен Ынның Оңтүстік Кореяға сапары

Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин Корей түбегін бөліп тұрған демаркация сызығында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен кездесті. 
1/8 Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин Корей түбегін бөліп тұрған демаркация сызығында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен кездесті. 
Қос Корея президенттері қол алысқан сәт.
2/8 Қос Корея президенттері қол алысқан сәт.
Ким Чен Ынның шекаралық белгі ретінде қойылған бетоннан аттаған сәті. 
3/8 Ким Чен Ынның шекаралық белгі ретінде қойылған бетоннан аттаған сәті. 
Кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мун Чжэ Ин екі ел арасында енді соғыс болмайтынын және "бейбітшіліктің жаңа дәуірі" басталатынын мәлімдеді. 
4/8 Кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мун Чжэ Ин екі ел арасында енді соғыс болмайтынын және "бейбітшіліктің жаңа дәуірі" басталатынын мәлімдеді. 
Мун Чжэ Ин күзде Пхеньянға сапарлап баруы мүмкін екенін айтты.&nbsp;<br />
&nbsp;
5/8 Мун Чжэ Ин күзде Пхеньянға сапарлап баруы мүмкін екенін айтты. 
 
Кездесу Оңтүстік Кореядағы Пханмунджом жерінде өтіп жатыр.
6/8 Кездесу Оңтүстік Кореядағы Пханмунджом жерінде өтіп жатыр.
Екі ел президенттері жаулық пиғылдағы кез-келген әрекеттерді тоқтатып, шекараның екі жағында қалып қойған отбасылардың қайта бірігуіне жағдай жасауға келісті.&nbsp;
7/8 Екі ел президенттері жаулық пиғылдағы кез-келген әрекеттерді тоқтатып, шекараның екі жағында қалып қойған отбасылардың қайта бірігуіне жағдай жасауға келісті. 
Президенттер1953 жылы Сеул мен Пхеньян Корей соғысы кезінде бейбіт келісімге келгеннен кейін ашылған баққа барып, ағашын екті. Егілген ағаш жанына &quot;Бұл жерде Бейбітшілік пен Өркендеу тамырын жайды&quot; деген жазуы бар тақтайша орнатылмақ.&nbsp;
8/8 Президенттер1953 жылы Сеул мен Пхеньян Корей соғысы кезінде бейбіт келісімге келгеннен кейін ашылған баққа барып, ағашын екті. Егілген ағаш жанына "Бұл жерде Бейбітшілік пен Өркендеу тамырын жайды" деген жазуы бар тақтайша орнатылмақ. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG