Accessibility links

AI: Ардақ Әшім - "ар-ождан тұтқыны"


Ардақ Әшім.
Ардақ Әшім.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін еркінен тыс емдеуге жатқызылған Ардақ Әшімді ауруханадан шығарып, оған қатысты істерді тоқтатуға шақырды.

Лондонда орналасқан ұйым 27 сәуірде таратқан мәлімдемесінде Ардақ Әшімді "ар-ождан тұтқыны" деп атаған. Халықаралық ұйым "Қазақстан билігі Ардақ Әшімнің денсаулығына қатысты тәуелсіз тексеру жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс" деп санайды.

Оқи отырыңыз: Белсендіні жүйке дерті ауруханасында күштеп "емдеп" жатыр

Ардақ Әшім наурыздың 31-і күні Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне тергеу ісі бойынша жауап беруге шақыртумен барған кезде жүйке аурулары диспансеріне еркінен тыс жатқызылған. Туыстары Ардақ Әшімнің "жүйке жүйесі дертіне шалдыққан" дегенге сенбейтіндерін айтады. 27 сәуір күні Шымкенттегі Абай аудандық соты белсенді Ардақ Әшімді жүйке аурулары ауруханасына мәжбүрлеп жатқызу мерзімін бір айға ұзартқан.

Ардақ Әшім Facebook әлеуметтік желісінде "билікке қарсы түрлі мазмұнда теріс мақалалар жариялағаны" үшін тергеу орындары Ардақ Әшімнің үстінен Қылмыстық кодекстің "әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғаған.

Видео: Ардақ Әшімді мәжбүрлеп емдеу мерзімі ұзарды

Ардақ Әшімді мәжбүрлеп емдеу мерзімі ұзарды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:12 0:00

XS
SM
MD
LG