Accessibility links

Арменияның билік партиясы премьерлікке кандидат ұсынбайды


Ванадзордағы оппозиция жиыны. Армения. 28 сәуір, 2018 жыл.
Ванадзордағы оппозиция жиыны. Армения. 28 сәуір, 2018 жыл.

Арменияның биліктегі Республикалық партиясы елдегі саяси дағдарысқа орай премьер-министрлікке кандидат ұсынбайтындығын мәлімдеді.

Бұл туралы 28 сәуірде партияның баспасөз хатшысы Эдуард Шармазанов жариялаған.

Ал оппозиция лидері Никол Пашинян болса, елді алдағы күндері ауқымды бейбіт түрдегі "азаматтық бағынбау" шарасына қатысуға шақыруын жалғастырып отыр. Ол 1 мамырда парламентте жаңа премьер-министрге дауыс берілгенде "Ереван көшелері мен алаңдарын толтыруға" үндеген.

Пашинян елдегі үшінші үлкен қала, Ереваннан солтүстік-батысқа қараы 110 километр жердегі Ванадзорда өз жақтастарына билік партиясының премьерлікке кандидат ұсынбауы "не жақсы, не жаман емес" екенін айтқан.

"Республикалық партия өзге фракциялармен қосылып, премьер-министрлікке "халықтық кандидатты" қолдайтынын жарияласа, жақсы болар еді" деген.

Мұның алдында Пашинян өзі билікке келе қалса, Арменияның "геосаяси жүрісі" өзгермейтінін айтқан болатын.

XS
SM
MD
LG