Accessibility links

Президент Трамп Ким Чен Ынмен таяу арада кездесетінін айтты


Президент Дональд Трамптың канцлер Ангела Меркельмен кездесуі. Вашингтон. 27 сәуір, 2018 жыл.
Президент Дональд Трамптың канцлер Ангела Меркельмен кездесуі. Вашингтон. 27 сәуір, 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен жоспарлаған кездесуі сәтті өтетініне үміттенетінін айтты.

Ол бұл туралы сенбі Оңтүстік Корея және Жапония басшыларымен телефон арқылы сөйлескенннен кейін мәлімдеді. Twitter-дегі парақшасында президент Трамп Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Инмен "өте жақсы" сөйлескенін және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен әңгімелескенін жазған.

Жұма күні Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуден кейінгі брифингте Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысының Оңтүстік Корея президентімен кездесуге келісуі арқылы "өз ойынын ойнап отыр" деп санамайтындығын айтқан еді. Оның айтуынша, өзінің Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынммен кездесуі "өте жақын арада" өтеді. Президент Трамп кездесу уақытын нақты атамағанымен, мамырдың соңы - маусымның басында өтуі мүмкін екендігін айтқан.

АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис те жұма күні осы кездесудің нәтижелі болатындығына сенім білдірген.

XS
SM
MD
LG