Accessibility links

Ресей - Қазақстан туристері ең көп баратын ел


Эрмитаж. Санкт-Петербург. (Көрнекі сурет)
Эрмитаж. Санкт-Петербург. (Көрнекі сурет)

Өткен жылы Қазақстан туристері ең көп барған ел Ресей болып шықты.

Tengrinews.kz cайтының Қазақстанның статистика комитетіне сілтеп хабарлауы бойынша, өткен жылы Ресейге 4,6 миллион адам барып қайтқан. Ал Ресейден келіп-кеткендердің саны 1,7 миллион адам болған.

Қазақстандықтардың өткен жылы Ресейден кейін көп сапарлап барған елі Қырғызстан болып отыр. Қырғызстанға - 2,7 миллион, Өзбекстанға 1,7 миллион қазақстандық барып қайтқан.

Ал Қазақстанға сапарлап келгендердің арасында Өзбекстан туристері бірінші орында тұр. Өткен жылы Қазақстанға Өзбекстаннан 3,3 миллион адам келіп кеткен. Ресей Қазақстанға сапарлаған 1,7 миллион адаммен екінші орында тұрса, Қырғызстан үшінші орында тұр. Өткен жылы Қазақстанға 1,2 миллион қырғызстандық турист сапарлап қайтқан.

2017 жылы Қазақстанға сапарлап келген туристердің жалпы саны 7,7 миллион адамды құраған. Былтыр Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өткен болатын.

XS
SM
MD
LG