Accessibility links

Боксер Данияр Елеусінов Ноа Киддті жеңді


Боксшы Данияр Елеусінов. (Көрнекі сурет)
Боксшы Данияр Елеусінов. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық боксер Данияр Елеусінов кәсіби бокстан алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноа Киддты жеңді. Жекпе-жек 28 сәуірде Нью-Йорктегі Ваrclays аренасында өткен болатын.

69 килограм салмақ дәрежесі бойынша рингке шыққан Данияр Елеусінов Ноа Киддті үшінші раунда нокдаунға жіберді. Жекпе-жек алты раундтан тұрады. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 22 жастағы Кидд бірінші рет ұтылған. Бұдан алдын үш рет жеңіске (екеуінде нокаутпен) жеткен ол тағы бір кездесуде тең түскен болатын.

Елеусінов пен Кидд Дениэл Джейкобс (АҚШ) - Мацей Сулецки (Польша) бақ сынайтын бокс кеші аясында кездескен.

27 жастағы Данияр Елеусінов - түрлі халықаралық турнирлердің жүлдегері, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада чемпионы. Жергілікті БАҚ наурыз айында оның британиялық промоутер Эдди Хирнмен келісімге қол қойғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG