Accessibility links

Украина бүгін әскери флотының 100 жылдығын атап өтпек


Әскери кемеде желбіреген Украина туы. 25 қараша, 1917 жыл.
Әскери кемеде желбіреген Украина туы. 25 қараша, 1917 жыл.

Украина бүгін әскери теңіз флотының құрылғанына 100 жыл толғанын атап өтеді. Ел президенті Петр Порошенко өзінің Facebook желісіндегі парақшасында 1918 жылы 29 сәуірде Севастопольдегі кемелердің көбінде көкшіл сары тудың желбірегенін жазған. "Украина әскери теңіз флотының құрылғанын жариялау Қара теңіз флотындағы украина қозғалысының жеңіске жеткенін көрсетті және украина армиясының әрекеті Қырымда большевиктік режимнің құлауына алып келді",-деп жазған президент Порошенко.

Бүгін Киевте әскер теңіз флотының 100 жылдығына орай салтанатты рәсімдер өтеді. Азаттықтың Украин қызметінің осы елдің Уақытша оккупацияланған территориялар ісі бойынша министрлігіне сілтеп хабарлауынша, Одессадағы Украина әскери теңіз күштерінің флагманы - "Гетман Сагайдачный" әскери кемесінде де салтанатты рәсім өткізу көзделген.

27 сәуір күні "Укрпочта" "Қаратеңіз флотын кемелерінде украин туының көтерілгеніне 100 жыл толуына орай" жаңа почта маркасын айналымға енгізді. Ұлттық рух институты да осы датаға қатысты видео жариялаған.

XS
SM
MD
LG