Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаменті Арменияны диалогқа шақырды


Никол Пашинян Ижевандағы шеру алдында сөйлеп тұр. 28 сәуір, 2018 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті Армения билігі мен оппозициясын арасындағы диалогты қолдап, тараптарды жаңа үкімет құруға шақырды.

Бұл туралы Мемлекеттік департаментттің ресми өкілі Хизер Нойерттің мәлімдемесінде айтылған. Ол АҚШ-тың Армениядағы шерудің бейбіт түрде өтуін және қауіпсіздік күштері мен шерушілердің күш қолданудан тартынатындығын қалайтындығын айтқан.

Сәуір айының ортасында бұрынғы президенті Серж Саргсяннің премьер-министр болып тағайындалуына қарсы басталған шеру премьер қызметтен кетсе де, әлі жалғасып жатыр.

Парламент жаңа премьер-министрді 1 мамырда сайлайды. Никол Пашинян бастаған "Халықтық қозғалыс" партиялар мен саяси күштердің Пашинянның кандидатурасын қолдауына мүдделі. Шерушілер талабына орай биліктегі Республикалық партия премьерлікке кандидат ұсынбаған. Ал үкіметтік коалициядан шыққан "Дашнакцутюн" партиясы Пашинянның кандидатурасын қолдап отыр. Оны елдегі ірі оппозициялық партия "Гүлденген Армения" үміткер ретінде ұсынған болатын. Республикалық партия дауыс беру кезінде кімді қолдайтынын әзірге жарияламады.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG