Accessibility links

Сирия үкіметінің әскері Евфрат өзенінің бойындағы бірнеше елді мекенді басып алды. Бұл жерлер бұған дейін АҚШ қолдауына ие Сирия демократиялық күштерінің бақылауында болған.

Сириялық САНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей қолдап отырған Башар Асад әскері Дейр-эз-Зор провинциясына жақын төрт ауылды алған.

Иран шекарасына жақын аймақ бұрын ДАИШ тобының қолында болған.


Сирияда бірнеше жылдан бері Башар Асад әскері, террорлық топтар мен оппозиция күштері арасында болып жатқан азаматтық соғыста ондаған мың адам қаза тауып, миллиондаған адам елден босып кетті. Сириядағы жағдайды реттеу үшін Астанада Иран, Асад үкіметі, Сирия оппозициясы Түркия және Ресейдің қатысуымен бірнеше рет келіссөздер өткен.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG