Accessibility links

Кабулдағы жарылыстан ондаған адам қаза тапты


Кабулдағы жарылыс. 30 сәуір 2018 жыл.
Кабулдағы жарылыс. 30 сәуір 2018 жыл.

30 сәуірде Ауғанстан астанасы Кабулда болған екі жарылыстан кем дегенде 20 адам мерт болып, ондаған адам жарақаттанған. Бұл туралы Ауғанстан ішкі істер министрлігі хабарлады.

Таңертең мотоцикл мінген жанкешті өз-өзін жарып жерген. Мерт болғандардың арасында Азаттық радиосы Ауған қызметінің екі журналисі Абадулла Хананзай мен Сабвун Какар бар. AFP ақпарат агенттігі жарылыстан өздерінің фотографы Ша Мараидың қаза тапқанын хабарлады.

Екінші жарылыс араға 20 минут салып, Қала дамуы және тұрғын үй министрлігі ғимаратында болған. Өзін журналист ретінде таныстырған жанкешті ғимарат маңында өз-өзін жарып жіберген.

Ауғанстан денсаулық министрлігі мәлімдеуінше, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар саны өсуі мүмкін. Бұл жарылысты әзірге еш ұйым өз мойнына алған жоқ.

22 сәуірде Кабулдағы сайлаушыларды тіркеу орталығында болған жарылыстан 60 адам қаза болып, 120 адам жарақаттанған. Бұл жарылысты ДАИШ содырлары ұйымдастырғандарын айтқан.

Кабулдағы жарылыста журналистер мерт болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:39 0:00

XS
SM
MD
LG