Өзбекстанның Әндіжан қаласында "Трастбанктың" қолдауымен инсулин шығаратын Zamin Bio Health зауыт ашылды. Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауыт жылына 10 миллион құты инсулин шығаруды жоспарлайды. Зауытта 100 жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл - Орталық Азиядағы инсулин шығаратын алғашқы зауыт.
Zamin Bio Health зауыты қант диабетімен ауыратын адамдарға арналған инсулин дәрісін шығарады.Зауыттың бизнес-жоспарына сәйкес, өндірілген өнім Орталық Азия елдеріне экспортталады.
Бұған дейін Өзбекстанға инсулинді сырттан экспорттайтын. Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елде қазір қант диабетімен ауыратын 100 мыңнан астам адам есепте тұр. Олардың арасында балалар да бар.
Өзбекстан заңдарына сәйкес, қант диабетімен ауыратындарға инсулин тегін таратылады. Бірақ елдегі дәрігерлер инсулин барлық науқастарға жетпейтінін айтады.