Accessibility links

Сирияда зымыран шабуылынан 26 әскери қаза тапты 


Алеппода жүрген Сирия үкіметінің әскері.
Алеппода жүрген Сирия үкіметінің әскері.

Сирияда үкімет әскери базасына жасалған зымыран шабуылынан кемінде 26 адам қаза тапқан. Олардың басым бөлігі - ирандық әскерилер. Бұл туралы Сирияның адам құқығы мониторингі орталығына сілтеме жасаған халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Алеппо мен Хама провинциясындағы базалар мен қару-жарақ қоймасы нысанаға алынған. Сирия құқық қорғаушылардың дерегінше, соққыны Израиль әскерилері жасаған. Әзірге бұл туралы ресми ақпарат шықпады. Сирия телеарнасы шабуылды "жаңа агрессия" деп атады. Қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар бар-жоғы әзірге білгісіз.

XS
SM
MD
LG