1 мамырда Қазақстан халық бірлігі күнін атап өтеді. Бұл елдің президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сайтында ел тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.
"Бұл шынайы жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып саналады. Бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, зор жетістіктерге жеттік. Әлемге танылып, биік беделге ие болдық" деген Назарбаев өз құттықтауында.
Бұл күні Қазақстанның әр аймағында шаралар ұйымдастырылады. Ұлттық мәдени ұйымдар, өнерпаздар мен жастардың қатысуымен концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар және түрлі шаралар өтеді.
Қазақстан президентінің жарлығымен 1996 жылдан бастап 1 мамыр елде мемлекеттік мереке болып белгіленіп, демалыс күні болып жарияланған.
Назарбаевтың бірлік күніне орай өткен Қазақстан халықтар ассамблеясының сессиясында айтқаны. 28 сәуір 2018 жыл.