Accessibility links

Өзбекстан мен Түркия тауар айналымын өсірмек


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ташкентте. 30 сәуір 2018 жыл.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ташкентте. 30 сәуір 2018 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған екі елдің делегациясымен бірге келіссөздер өткізді. Келіссөз барысында екі ел басшылары тауар айналымды жылына 5 млрд долларға дейін жеткізбекке келіскен. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылы екі елдің тауар айналымы 30 пайызға өсіп, 1,5 млрд долларға жеткен. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 20 пайызға өскен.

Өзбекстан Түркия нарығына жеңіл, химиялық, металлургиялық өнеркәсіп, машинақұрылысы, электротехника, былғары және ауылшаруашылығы тауарларын жеткізбек. Стамбулда өзбек-түрік сауда үйі ашылмақ.

Өзбекстан мен Түркия тауар тасымалдау үшін Баку-Тбилиси-Карс темір жол бағытын пайдаланбақ.

XS
SM
MD
LG