Accessibility links

​Өзбекстан ардагерлерге тамақ пен киім таратпақ


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев соғыс ардагерлерімен кездесіп тұр. Көрнекі сурет
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев соғыс ардагерлерімен кездесіп тұр. Көрнекі сурет

28 сәуірде Өзбекстан үкіметі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге, фашистік концлагерьлерге түскендер мен Ленинград қоршауы кезінде жұмыс істеген адамдарға қосымша әлеуметтік көмек көрсету үшін арнайы қаулы қабылдады.

Жоспар бойынша әр айдың 15-күні бір адамға 3 келі ұн, бір келі күріш, 500 грамм қарақұмық, 500 грамм макарон, 200 грамм сарымай, бір келі сиыр еті, бір келі құс еті, 15 жұмыртқа, бір литр күнбағыс майы, 200 грамм кір сабын, 150 грамм кір жуатын ұнтақ және 8 жөргек беріледі.

Киімнен ерлерге жыл сайын күзде костюм, қыс пен жазда аяқкиім, 2 дана ішкиім, тоқыма кеудеше, 4 дана шұлық, ал, әйелдерге жылы көйлек, қыста және жазда аяқ киім, жазда жеңіл көйлек, 2 дана жылы ішкиім мен 4 шұлық беріледі.

Қыста ерлер мен әйелдерге жылы күрте мен пальто және мезгілге сай бас киім беріледі.

Бұған дейін Өзбекстан президенті ардагерлерге бір реттік көмек ретінде 5 миллион сум бөлу және соғыс кезінде өздері соғысқан жерлерге тегін барып келуге жолдама беру туралы жарлыққа қол қойған.

1941-1945 жылдар аралығында болған соғысқа Өзбекстаннан 1,5 миллион адам қатысқан. Осы кездері Өзбекстан соғыс аумағынан көшкен миллионға жуық отбасыны қабылдаған.

XS
SM
MD
LG