Accessibility links

AirBaltic Алматы-Рига арасында әуе рейсін ашты


Алматы әуежайы (Көрнекі сурет).
Алматы әуежайы (Көрнекі сурет).

Латвияның мемлекеттік AirBaltic әуе компаниясы Алматы мен Рига арасында маусымдық рейс ашты. Компанияның хабарлауынша, Алматы - Рига маршруты 29 сәуірден ұша бастаған.

Алматы әуежайының ақпараты бойынша, AirBaltic ұшағы бүгін таңертең Алматы әуежайына қонып, сағат 8:50-де кері ұшып кетті.

Bombardier CS300 ұшағы Алматы мен Рига арасында аптасына үш рет ұшады. Ұшу ұзақтығы шамамен бес сағат 45 минутты құрайды. Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, билет құны бір бағытқа 159 еуродан (шамамен 190 доллар) басталады.

XS
SM
MD
LG