Accessibility links

Эстонияда халықаралық әскери жаттығу басталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Эстонияда 16 елден 13 мың әскери қызметкер қатысатын ауқымды халықаралық әскери жаттығу басталды. "Силь" ("Кірпі") деп аталатын жаттығу 14 мамырға дейін созылады және оның бір бөлігі көршілес Латвияда өтеді. Эстония Совет одағынан тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері мұндай үлкен әскери жаттығу өткізген емес.

Жаттығуға эстон әскерилерінен өзге 15 мемлекет - АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Канада, Польша, Украина, Финляндия, Швеция, Дания, Бельгия, Ирландия, Латвия, Литва және Грузиядан 2000-ға тарта әскери қызметкер қатысады. Эстониядан жаттығуға кадрлық әскерилерден басқа резервтегі әскерилер, полиция мен құтқару қызметі де қатыстырылады. Жаттығуда аумақты қорғау машығы пысықталады және ол үш кезеңмен өтеді.

Балтық бойындағы Эстония мен Латвия Ресеймен шектеседі. Бұл екі мемлекет пен Литва Мәскеу Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оларды қосып алғаннан бері Совет одағының құрамында болған. Қазір үш ел де НАТО мен Еуропа Одағының құрамында. Балтық бойы елдері Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Донбастағы қақтығысқа киліккен соң Мәскеудің аймақтағы саясатына алаңдай бастаған.

XS
SM
MD
LG