Accessibility links

СҚО: Мыңнан астам саяжайды су басты


Солтүстік Қазақстан облысының картадағы орны.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзеніне құятын арналары мен жоғарғы жағында су деңгейі төмендеп, Петропавл қаласы мен Долматов ауылына жақын тұсында су деңгейі көтерілгені байқалады деп хабарлады құтқарушылар. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, тасқын су Есіл өзені аңғарындағы 1237 саяжай участогін басқан. Ол участоктерде 619 саяжай нысаны бар. Департаменттің 2 мамырда таратқан мәліметі бойынша, ол жерлерде адам тұрмайды, ал облыстағы елді мекендерде тұрғын үйлерді су баспаған.

25 сәуірден бері өзен суының арнасынан асуынан Челябинск - Новосібір жолында жеңіл көлікке жол жабылған, Есіл өзенінен өтетін суы төмен көпірмен (жолдың Новоникольское - Андреевка бөлігі) барлық көліктің жүруіне тыйым салынған.


Департамент ақпаратына қарағанда, Сергеев бөгеніндегі су деңгейі төмендеп, 61 сантиметрді құрайды. 19 сәуірде бөгендегі су деңгейі ең жоғарғы көрсеткіш - 168 сантиметрге жеткен еді.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде Есіл өзенінің Петропавл қаласы мен Долматов кенті тұсындағы су деңгейі көтеріле түседі. Департамент су тасқыны кезінде төтенше жағдайдың алдын алу және оны болдырмау үшін жедел штаб жұмыс істейтінін хабарлады.

Құтқарушылардың мәліметіне қарағанда, облыста су тасқыны қаупі әр түрлі деңгейде төніп тұрған жүзден астам елді мекен бар.

Былтыр көктемде Есіл өзенінде су тасып, бірнеше елді мекенде жүздеген үйді су басқан.

AzattyqTV

Қырым жағалауында екі танкер өртенді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:20 0:00
Керчь бұғазы

Екі кемедегі өрт

XS
SM
MD
LG