Accessibility links

Алматыда академик Шора Сарыбаевпен қоштасты


Алматыдағы ұлттық ғылым академиясының ғимараты (Көрнекі сурет).
Алматыдағы ұлттық ғылым академиясының ғимараты (Көрнекі сурет).

Алматыда 3 мамыр күні ұлттық ғылым академиясында филолог ғалым Шора Сарыбаевпен қоштасу рәсімі өтті. Шора Сарыбаев 1 мамыр күні кешке 94 жасында Алматыда қайтыс болды.

Шора Сарыбаев - филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Ол диалектология, морфология, лексикология және қазақ тілінің тарихы салаларында ондаған ғылыми еңбек, оқулық пен монография жазған. Қазақ тілінің диалектологиялық атласының бірінші томы мен қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі осы кісінің басшылығымен жарыққа шыққан.

Ғалымның мақалалары "Тілтану мәселелері", "Советтік түркология", Азия және Африка" халықтары журналдарында жарияланған.

Марқұм Кеңсай-2 зиратына жерленеді.

XS
SM
MD
LG