Accessibility links

Астанада күш құрылымдары қызметкерлері марапатталды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Астанада 3 мамыр күні қарулы күштер мен күш құрылымдарының басшылары мен қызметкерлеріне әскери шендер мен наградалар тапсырылды. Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, Ақордада өткен марапаттау салтанатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "әлемдегі тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің тәуелсіздігі мен халықтың тыныштығын қорғауда әскери қорғаныс әлеуетінің маңызы ерекше" екенін айтты. "Біздің армиямыз, құқық қорғау құрылымдарымыз ел қауіпсіздігін сенімді қорғаушы, егемендігіміздің мызғымас кепілдігі саналады" деді Назарбаев.

Президенттің ресми сайтында жарияланған жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы жарлық бойынша, барлығы 22 адамға атақ берілді. Атақ пен шен алып, марапатталғандар арасында ҰҚК төрағасының орынбасарлары Нұрғали Білісбеков пен Марат Өсіпов (ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы), қорғаныс миинстрінің орынбасары Талғат Жанжүменов (генерал-лейтенант атағы), Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжанов (сыртқы барлау генерал-лейтенанты), бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев (екінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені) бар.

XS
SM
MD
LG