Accessibility links

Уәкіл Жээнбековтен Текебаевқа рақымшылық сұрады


Қырғызстандық саясаткер Омурбек Текебаевтың түрмеде түскен суреті. Желтоқсан 2017 жыл.

Қырғызстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі (омбудсмен) Кубат Оторбаев осы ел президенті Сооронбай Жээнбековтен экс-депутат, түрмеде отырған Омурбек Текебаевқа рақымшылық жасау жайын қарастырып көруді сұрады. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, омбудсменнің президентке қайырылған мәлімдемесі 3 мамырда жарияланды.

"Уәкіл Қырғызстан конституциясына 25 жыл және Адам құқығы жөніндегі декларацияның 70 жылдығына орай рақымшылық жасауды ұсынады" делінген мәлімдемеде.

Кубат Оторбаевтың пікірінше, Омурбек Текебаевтың кінәсі дәлелденбеген, ал тергеу мен сот процесі сотталушыны біржақты қаралау түрінде өткен.

Бұған дейін кейбір саясаткерлер мен парламент депутаттары да Текебаевтың ісін қайта қарау керек деген пікір білдірген.

Оппозициялық саясаткер, "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев және Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов 2017 жылдың ақпан айында Ресей кәсіпкерінен 1 миллион доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Былтыр 16 тамызда Бішкектің Первомай аудандық соты Омурбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотоновты "пара алды" деп айыптап, әрқайсысын сегіз жылға соттаған.

Былтыр 21 қарашада Жоғарғы сот екі саясаткерді күшейтілген режимде 8 жылға соттау туралы аудандық сот шешімін күшінде қалдырған. Сотталушылар өздеріне қарсы істің саяси астары бар деп біледі.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG