Accessibility links

Ташкентте генерал Рахимовтың ескерткіші бұрынғы орнына қойылмақ


Ташкенттегі генерал Сабыр Рахимовтың ескерткіші.
Ташкенттегі генерал Сабыр Рахимовтың ескерткіші.

Ташкенттегі Совет одағының батыры генерал Сабыр Рахимовтың ескерткіші бұрынғы тұрған орнына қайта қойылатын болды деп мәлімдеді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Наманган облысына 2 мамыр күні сапарлап барған Мирзияев генерал Рахимовтың ескерткішін қала орталығына қайта орнату "тарихи әділеттілікті қалпына келтіру" актісі болатынын айтты.

Сабыр Рахимов Екінші дүниежүзілік соғысқа 1941-1945 жылдары қатысқан, соғыстың соңына қарай атқыштар дивизиясының қолбасшысы болған. "Темір генерал" деген лақап атқа ие болған Рахимов 1945 жылы наурызда Еуропада одақтастар әскері Германияны жеңуге бірнеше апта қалғанда қаза тапты. 1965 жылы оған өлгеннен кейін Совет одағының батыры атағы берілді. 1981 жылы Ташкенттің орталығында генерал Рахимовқа ескерткіш орнатылған еді. 2010 жылы ол ескерткіш қала сыртындағы паркке ауыстырылып, Ташкенттегі оның аты берілген көше мен ауданның атауы өзгертілген.

Оқи отырыңыз: Самарқанда Рахимов көшесінің атауын өзгертті

Шавкат Мирзияев өткен айда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары ұлты әртүрлі 15 жетімді асырап алған өзбек отбасына орнатылған совет кезеңінің ескерткішін бұрынғы орнына қоюға пәрмен берген.

XS
SM
MD
LG