Accessibility links

Алматыда суретші Рашид Нұрекеевтің көрмесі өтіп жатыр


Суретші Рашид Нұрекеевтің көрмесі. Алматы, 4 мамыр 2018 жыл.
Суретші Рашид Нұрекеевтің көрмесі. Алматы, 4 мамыр 2018 жыл.

Алматыда Esentai Gallery көркемөнер галереясында қазақстандық суретші Рашида Нұрекеевтің жеке көрмесі ашылды. Көрме "Сүйектер. Зәйтүндер. Ұшақтар" деп аталады. Көрмеге сүйек, ұшақты бейнелейтін туындылар, тіпті зәйтүннің өзі және кескіндеме жанрындағы шығармалар, фотосуреттер, видео мен коллаждар қойылған.

Көрмеге келушілер автордың қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік процестерді зерттеуі мен адамның дербес дамуын пайымдауымен таныса алады. Суретші астыртын хабарды көптеген кодтар мен "ребустар" арқылы береді.

53 жастағы Рашид Нұрекеев - қазіргі заманғы өнер бағытын ұстанатын қазақстандық алдыңғы қатарлы суретшілердің бірі. Бірақ Қазақстанда оның жеке көрмесі өте сирек болады. Бұған дейінгі көрмесі он жыл бұрын өткен. Дегенмен ол көрмеге топ құрамында қатысып тұрады.

Рашид Нұрекеев әлеуметтік мәселелерді қозғайтын суретші саналады. Мұндай суретшілер Қазақстанда аз. Оның шығармалары өзекті және толғағы жеткен мәселелерді қозғайды. Қазақстандық галереялардың Нұрекеевті жеке көрмесін өткізуге шақырмайтынының бір себебі оның қоғамда болып жатқан процестерді жеткізуде сыни көзқарас ұстануы себеп болса керек.

Рашид Нұрекеевтің көрмесі 6 маусымға дейін болады.

XS
SM
MD
LG