Accessibility links

Агенттік: Таразда "пара алған" судья әшкереленді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тараз қалалық сотының судьясы "пара алғаны" әшкере болды деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтан ескерту бөлімімен бірлесіп Тараз қалалық сотының судьясын жеке тұлғадан мүлікті бөлу жөніндегі азаматтық іс бойынша атқару қағазын беру үшін 650 мың теңге пара алғанын әшкереледі" делінген ресми хабарламада.

Агенттік күдікті "кінәсін толық мойындағандықтан" тұтқындалмағанын, қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтады. "Пара алды" деген күдікті судьяның аты-жөні айтылмады.

XS
SM
MD
LG