Accessibility links

АҚШ-та Манафорт ісі бойынша 70 адам тергелмек


Пол Манафорт, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды шабының бұрынғы басшысы.
Пол Манафорт, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды шабының бұрынғы басшысы.

АҚШ-та Ресейдің 2016 жылы АҚШ президенті сайлауына ықтимал килігуін тергеп жатқан арнайы прокурор Роберт Мюллер сотқа 70 адамды шақырмақ. Мюллер Вирджиния штатының сотынан 70 адамға сотқа шақырту жіберуді сұрады. Шақырту алғандар 10 шілдеде Александрия қаласында өтетін сот тыңдуына қатысуы тиіс. Бұдан өзге, олар сотқа белгілі бір құжаттар әкелуі керек, бірақ қандай құжат екені айтылмайды.

Сотта АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорттың ісі қаралады. Бұған дейін арнайы прокурор Манафортты алақтяқ жасады, жалған салық декларациясын тапсырды, қаржыны жылыстатты және табысын жасырды деп айыптаған. Бұл іс бойынша президенттің бұрынғы кеңесшісі Рик Гейтс те сотқа тартылмақ.

Манафорт пен Гейтс сонымен қатар Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің мүддесіне лоббилік жасады деп айыпталып отыр. Гейтс кінәсін мойындап, Манафорт терістеді. Сот бұған дейін Манафорттың "арнайы прокурор өкілетін асыра пайдаланды" деген арызын қабылдамай тастаған.

XS
SM
MD
LG