Accessibility links

Трамп: Ким Чен Ынмен кездесетін жер белгіленді


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның фотоларынан коллаж.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесетін орын мен уақытты келіскені туралы мәлімдеді. Ол бұл туралы жұма күні Ақ үйде журналистер сұрағына берген жауабында хабарлаған, бірақ кездесудің нақты қай жерде және қашан өтетінін ашып айтпаған. "Бұл туралы біз жақын арада жариялаймыз", - деген ол.

АҚШ президенті алдағы кездесудің "өте жақсы нәтижемен» аяқталатынына сенімді екенін айтқан. Ол сонымен бірге Солтүстік Кореяда қамауда отырған үш АҚШ азаматының тағдырына қатысты келіссөздер өткенін де хабарлап, "жақсы нәрселер көресіздер деген ойдамын" деп мәлімдеген.


Бұған дейін Трамп Ким Чен Ынмен кездесуі Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяның шекарасындағы Пханмунджом аймағында өтуі мүмкін екені туралы хабарлаған. Сәуірдің 27-сі күні Пханмунджомда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин келіссөз өткізген болатын. Кей баспасөз құралдары Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі өтетін ықтимал орындар ретінде Сингапур, Моңғолия мен Швейцарияны да атаған еді.

AzattyqTV

AzatNews 22.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00
XS
SM
MD
LG