Accessibility links

"Роснефть" үлесін Қытай компаниясына сату келісімі бұзылды


"Роснефть" компаниясы басшысы Игорь Сечин.
"Роснефть" компаниясы басшысы Игорь Сечин.

Қатар инвестициялық қоры (QIA) мен швейцариялық Glencore шикізат трейдері ресейлік "Роснефть" мұнай компаниясындағы үлесін Қытайдың CEFC компаниясына сату туралы келісімді бұзды.

Бұған қоса QIA мен Glencore 2016 жылғы желтоқсанда "Роснефть" компаниясының 12,5 пайыз акциясын сатып алу үшін өздері құрған консорциумнан шығуды ұйғарған. Олар осы пакеттегі акциялардың 14 пайызын Қытай компаниясына сату туралы былтыр жариялаған. Келісім сомасы 9 миллиард долларды құрауы тиіс еді, бірақ былтыр Қытай компаниясы қаржы тартуға қатысты проблемаларға тап болып, соның кесірінен келісім мерзімі кейінге қалған. CEFC компаниясының негізін қалаушы Е Цзяньминді Қытай билігі тұтқындаған.


Қазір "Роснефть" пакетін негізгі сатып алушы болып отырған Қатар инвестициялық қоры "Роснефть" компаниясы акционерлері арасында Ресей мемлекеті мен британдық British Petroleum (BP) мұнай-газ компаниясынан кейін үшінші орында тұр.

"Роснефть" компаниясы әзірше бұл ақпаратқа қатысты ешқандай комментарий берген жоқ.

XS
SM
MD
LG