Accessibility links

Румынияда құқыққорғаушы Дойна Корня қайтыс болды


Румыниялық құқыққорғаушы Дойна Корня Университет алаңындағы жиында сөйлеп тұр. Бухарест, 23 мамыр 1990 жыл.
Румыниялық құқыққорғаушы Дойна Корня Университет алаңындағы жиында сөйлеп тұр. Бухарест, 23 мамыр 1990 жыл.

Румынияда коммунистік режимге қарсы күрескен құқыққорғаушы әрі диссидент Дойна Корня дүниеден өтті. Ұлының хабарлауынша, 88 жастағы Корня ұзаққа созылған аурудан кейін Калуж қаласында мамырдың 4-і күні қайтыс болған.

Калуж университетінде француз тілінен дәріс берген Дойна Корня 1982 жылдан бастап коммунистік биліктің румын ауылдары мен шіркеулерін жою саясатын ашық сынай бастаған. 1980 жылдары оның жазған хаттары Азат Еуропа/Азаттық радиосының эфирінен тұрақты оқылып тұрған.


Университеттен жұмыстан қуылғанға дейін Корня бірнеше рет тұтқындалып, соққыға ұшыраған. 1987 жылғы қарашада Брашов қаласындағы жұмысшылар көтерілісін қолдап наразылық акциясына шыққаны үшін оны ұлымен бірге тұтқындаған. Сол кездегі Румыния қауіпсіздік органы (секуритате) оны мерзімсіз үйқамаққа отырғызған.

1989 жылы Румыния диктаторы Николае Чаушескудің режимі күйрегеннен кейін Дойна Корня Ұлттық құтқару майданының алғашқы уақытша үкіметі құрамына енген.

Румыния президенті Клаус Йоханнис Дойна Корняны "ерлік пен коммунизмге қарсылықтың символы" деп атады.

XS
SM
MD
LG