Accessibility links

АҚШ экс-президенті үлкен Джордж Буш ауруханадан шықты


АҚШ экс-президенті үлкен Джордж Буш
АҚШ экс-президенті үлкен Джордж Буш

АҚШ экс-президенті үлкен Джордж Буш Хьюстон қаласындағы ауруханада екі апта жатып, мамырдың 4-і кешке шыққан. Отбасы өкілінің айтуынша, ауруханада 93 жастағы экс-президент қан құрамына енген инфекциядан емделген. Ол сәуірдің 22-і, марқұм жұбайы жерленген күннің ертесінде ауруханаға жатқызылған болатын.

Оның әйелі Барбара Буш сәуірдің 17-сі күні дүние салған. Ерлі-зайыпты екеуі 73 жыл бірге өмір сүрген.

"Дәрігерлері оның өзін жақсы сезінетіні және үйіне оралғанына қуанышты екенін хабарлады", - деп жазды Twitter әлеуметтік желісінде экс-президент отбасының ресми өкілі Джим Макграт.


1989-1993 жылдар аралығында АҚШ президенті болған үлкен Джордж Буш осыдан бір жылдай бұрын өкпесі қабынып ауруханада жатып шыққан.

Оның ұлы кіші Джордж Буш 2001 жылдан 2009 жылға дейін екі мерзім қатарынан АҚШ президенті болып сайланған. Ал бұрын Флорида штатының губернаторы болған тағы бір ұлы Джеб Буш 2016 жылғы президент сайлауына кандидат болып түсуге талпынғанымен жолы болмаған.

XS
SM
MD
LG