Accessibility links

Роухани Telegram-ға тыйым салған сот шешімін сынады


Иран президенті Хасан Роухани
Иран президенті Хасан Роухани

Иран президенті Хасан Роухани Telegram мессенджеріне тыйым салған сот шешімін қатты сынға алып, өз әкімшілігі мұндай қадамды қолдамайтыны туралы мәлімдеді.

"Үкімет қауіпсіз, бірақ бақылауға алынбайтын интернетті қолдайды", - деп жазған Роухани мамырдың 4-і күні кешке Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтына. Ол мессенджерге тыйым үкіметтің мақұлдауынсыз салынғанын және өзі ондай бұйрық бермегенін айтқан.

"Біз ақпараттың еркін тарауын, сол тәрізді азаматтардың таңдау еркіндігі құқығы (сақталғанын) қалаймыз", - деген Роухани. Ол бұғаттаудың "демократияға тікелей қарама-қайшы" нәрсе екенін айтқан.


Иранның мәдениет және БАҚ істері жөніндегі соты сәуірдің 30-ы күні Telegram мессенджеріне тыйым салу туралы пәрмен берген. Сот мессенджер Иранның қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс-әрекеттерді, сонымен бірге былтырғы желтоқсан мен биыл қаңтардағы наразылықтарды, оның алдында маусым айында парламент пен Рухолла Хомейни кесенесіне жасалған шабуылдарды ұйымдастыруға пайдаланылған деп мәлімдеген.

Бұл шешім осыған дейін консервативтік көзқарастағы дінбасылар мен "қатаң саясат" ұстануды жақтайтындармен Telegram мессенджерін бұғаттауға қатысты бірнеше айға жалғасқан дау-дамайда реформатор президенттің жеңіліске ұшырағанын көрсетеді. Ирандағы 80 миллион шамасындағы тұрғындардың жартысына жуығы Telegram мессенджерін өзара байланысу, сонымен бірге бизнесін жүргізу үшін пайдаланып келген.

XS
SM
MD
LG