Accessibility links

АҚШ-та "Ресей ісі" аясында миллиардер Вексельбергтен жауап алған


Ресейлік миллиардер Виктор Вексельберг.
Ресейлік миллиардер Виктор Вексельберг.

АҚШ-та Ресейдің Америкадағы сайлауға ықтимал араласуын тергеу ісі аясында "Ренова" тобының иегері, ресейлік миллиардер Виктор Вексельбергтен тергеушілер жауап алған. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасап New York Times газеті хабарлаған. Басылымның дерегі бойынша, екі айға жуық уақыт бұрын – Вексельбергтің жеке ұшағы Ньй-Йорк әуежайына қонған кезде оған сұрақтар қойып, электрондық құрылғыларын тексерген. Миллиардерге қандай сұрақтар қойылғаны белгісіз.

New York Times дереккөздерінің айтуынша, Вексельбергтен АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурациясына қатысуына, АҚШ-тың қазіргі сауда министрі Уилбур Росспен байланысы бар Кипр банкіне инвестиция салуына, сонымен бірге, Трамптың бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флиннмен 2015 жылы ықимал кездесуіне байланысты жауап алған. Вексельбергтің қандай да бір ресми күдікке ілінгені жайлы еш ақпарат жоқ.


Бұған дейін CNN телеарнасы АҚШ-та Ресейдің 2016 жылы Америка президенті сайлауына ықтимал килігуін тергеп жатқан арнайы прокурор Роберт Мюллердің кемінде ресейлік екі олгархтан жауап алғаны туралы хабарлаған еді. Олардың аты-жөндері аталмаған. Сәуірдің басында ресейлік РБК басылымы Америка сайлауына Кремльдің ықтимал араласуын тергеу ісі аясында жауап алынған кезде ресейлік үш олигарх – Виктор Вексельберг, Роман Абрамович және Михаил Прохоровтың ұшақтары АҚШ-қа барғанын анықтағаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG