Accessibility links

Израиль премьері Мәскеуге сапармен бармақ


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мамырдың 9-ы күні Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екеуі аймақ мәселелерін талқыламақ. Бұл туралы премьер-министрдің кеңсесі хабарлады. Ақпаратта Нетаньяхудың сапар барысында СССР мен нацистік Германия арасындағы соғыстағы жеңіске 73 жыл толуына арналған Мәскеудегі дәстүрлі әскери парадқа қатысатыны айтылған.

Бұған дейін Нетаньяху 2015 жылы әлемдік державалар мен Иран арасында жасалған Тегеранның ядролық бағдарламасы туралы келісім шарттарындағы "кемшіліктерді жоюға" шақырған АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсынысына қолдау білдірген. Ядролық бағдарламасын шектейтін болса Иранға салынған санкцияларды жұмсартуды көздейтін ол келісімді жасауға АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей мен Франция қатысқан.


Осыған дейін Германия, Қытай, Ұлыбритания мен Франция Вашингтонды аталған келісімнен шықпауға шақырып, бұл құжат Иранның ядролық қару жасау мүмкіндігінің алдын алудың ең оңтайлы құралы деп мәлімдеген. Әйткенмен Батыстағы одақтас елдер шектеудің қаншаға дейін жалғасатындығына қатысты алаңдаушылық білдірген. Бұған дейін Израиль Иранның Сирияда әскерін көбейтіп жатқанынан қауіптенетіні туралы мәлімдеген.

Сирияда президент Башар Асад режиміне қарсы жетінші жылға жалғасып жатқан азамат соғысында Ресей мен Иран Асад үкіметіне жақтасып отыр. АҚШ пен Түркия болса Асад үкіметіне қарсы күресіп жатқан әртүрлі топтарды қолдайды.

XS
SM
MD
LG