Accessibility links

Ауғанстанда мешіт жанындағы жарылыстан он адам өлген


Мешіт жанындағы сайлаушылар тіркейтін орында жарылыс болған жерді тексеріп жүрген адамдар. Хост уәлаяты, Ауғанстан, 6 мамыр 2018 жыл.
Мешіт жанындағы сайлаушылар тіркейтін орында жарылыс болған жерді тексеріп жүрген адамдар. Хост уәлаяты, Ауғанстан, 6 мамыр 2018 жыл.

Ауғанстанның Хост уәлаятында мамырдың 6-сы күні мешіт маңында болған жарылыс салдарынан 10 адам мерт болып, 30-ға жуық адам зардап шеккен. Мешіт жанындағы сайлаушыларды тіркеу бекеті ретінде жабдықталған орында жарылғыш зат іске қосылған деп хабарлады France-Presse (AFP) агенттігіне жергілікті полиция басшысы Абдул Ханан Задран.

Аймақтық кеңес мүшесі Абдул Уәли Ваидзаидың айтуынша, әзірге алдын ала ақпарат қана белігі болғандықтан, жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны көбеюі мүмкін Жарылысқа жауапкершілікті әлі ешкім алған жоқ.


Өткен айда Кабулдағы сайлаушылар тіркейтін орында жанкеншті жасаға жарылыс салдарынан кемінде 57 адам қаза тауып, 119 адам жараланған. Негізінен шиит мұсылмандар көп тұратын аудандағы шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы алған.

Парламент пен аймақ кеңестеріне сайлау биылғы шілденің 20-сына тағайындалған.

Ауғанстанның Фарья уәлаятында жергілікті базарға саудагерлерді таситын автокөлік жол бойына қойылған минаға түсіп, салдарынан жеті адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG