Accessibility links

Қазақстан отан қорғаушылар күнін атап өтіп жатыр


Қазақстан қарулы күштері Астанадағы сарбаздары әскери парадта.
Қазақстан қарулы күштері Астанадағы сарбаздары әскери парадта.

7 мамыр– Қазақстанда Отан қорғаушы күні. Атаулы күнге байланысты Жамбыл облысы Қордай ауданындағы "Отар" әскери базасының аумағында әскери парад өтті.

Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, парадқа үш мыңнан астам сарбаз, 300-ден астам әскери техникасы, 30-ға жуық авиация техникасы қатысты. "Отардағы" шараны тамашалауға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та келген.

Отан қорғаушы күні мен және екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске арналған әскери парадты республикалық телеарналар тікелей эфирден көрсетпек.

2012 жылы қазанда Қазақстан президентінің жарлығымен мамырдың 7-сі "Отан қорғаушы күні" болып белгіленіп, мемлекеттік мейрам ретінде демалыс күні болып жарияланған.

XS
SM
MD
LG