Accessibility links

Прокуратура: ОҚО-да 26 жасөспірім суицид жасаған


Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны
Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны

Оңтүстік Қазақстан облысында үш айда 26 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Қазақстан Бас прокуратурасына сілтеме жасаған inform.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Ерлан Абаевтың хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстанда 26 жасөспірім суицид жасап, олардың 12-cі қайтыс болған. Осы істер бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабымен ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") қылмыстық іс қозғалған.

"Қазір бір іс сотқа жолданды, бес іс қаралап жатыр. Ал 19 суицидтен қылмыс белгілері байқалмағандықтан тоқтатылды" деді Абаев.

Қазақстан суицид саны бойынша әлемде алғашқы бестікке енеді. Бұл елде жыл сайын мыңдаған адам өз-өзіне қол жұмсап өледі.

XS
SM
MD
LG