Accessibility links

Путин премьерлікке Медведевтің кандидатурасын ұсынды


Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министр Дмитрий Медведев
Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министр Дмитрий Медведев

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік Думаға премьер-министр қызметіне Дмитрий Медведевтің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы президенттің сайты хабарлады.

7 мамыр түсте Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің инаугурациясы болды. Ол ресми түрде қызметіне кіріскен бойда үкімет отставкаға кеткен еді.

Мемлекеттік Дума Медведевтің кандидатурасына 8 мамырда дауыс береді.

Медведев 2008-2012 жылдары Ресей президенті болған. Ол уақытта Владимир Путин үкімет басқарған. Ал 2012 жылы Путин президенттікке қайта сайланған. Медведев 2012 жылдан бері Ресей премьер-министрі болып келеді.

XS
SM
MD
LG