Accessibility links

Душанбе "Мәңгі өлмес полк" шеруіне рұқсат бермеді


Tajikistan, Dushanbe city, rally in regard of Victory Day in Dushanbe,9May2017
Tajikistan, Dushanbe city, rally in regard of Victory Day in Dushanbe,9May2017

Биыл Тәжікстанда "Мәңгі өлмес полк" шеруі өтпейді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына Душанбе қаласының билігі рұқсат бермеген.

Бұған дейін елдегі Ардагерлер кеңесі "Мәңгі өлмес полк" шеруін өткізуге рұқсат сұраған. Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, 9 мамыр күні Душанбеде көптеген мерекелік шара өтеді. Бірақ тізімге аталған шеру ілікпеген. Ардагерлер кеңесінің өкілдері "Мәңгі өлмес полк" шеруінің өтпейтінін растады.

Оқи отырыңыз: Орталық Азия Жеңіс күнін ресейлік реңктен арылта алмай келеді

"Мәңгі өлмес полк" шарасының шарты бойынша шеруге қатысушы 9 мамыр күні Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан туысының суретін ұстап көшеге шығады. Соңғы кездері бұл шара Ресейлің көптеген қалалары мен ТМД аумағындағы бірқатар елдерде өткізіліп келеді.

2017 жылы да Душанбе қаласының билігі "Мәңгі өлмес полк" шеруін өткізуге рұқсат бермеген. Бірақ 9 мамырға арналған шарадан кейін жүздеген адам өз бетімен шеруді ұйымдастырған.

XS
SM
MD
LG