Accessibility links

Дмитрий Медведев Ресей премьері болып тағайындалды


Медведев Дума отырысында сөз сөйлеп тұр. 8 мамыр 2018 жыл.
Медведев Дума отырысында сөз сөйлеп тұр. 8 мамыр 2018 жыл.

Бүгін, 8 мамырда Ресей Мемлекеттік Думасы Дмитрий Медведевті премьер-министр етіп тағайындады.

Дума жиынында сөз сөйлеген Медведев елдегі зейнет жасын көтеруді ұсынды. Оның пайымдауынша, Ресейде халықтың жағдайы жақсарып, орта жасы жоғарылаған. Қазір Ресейде ерлер 60, әйелдер 55 жаста зейнетке шығады. Медведев зейнет жасы нақты қанша жасқа көтерілетінін айтқан жоқ.

7 мамыр күні Владимир Путин инауграциядан кейін премьер-министр қызметіне Медведевтің кандидатурасын ұсынған еді.

Мемлекеттік Думада Путиннің партиясы – "Единая Россия" басым орынды иеленген. Ал Медведев - осы партияның жетекшісі. Ресей конституциясына сәйкес, жаңа президент сайланғанда үкімет отставкаға кетеді.

Ресейде премьер-министр президенттен кейінгі адам саналады. Ол президентке бағынады. Медведев 2008-2012 жылдары Ресей президенті болған. Ол уақытта Владимир Путин үкімет басқарған. Ал 2012 жылы Путин президенттікке қайта сайланған. Медведев 2012 жылдан бері Ресей премьер-министрі болып келеді.

XS
SM
MD
LG