Accessibility links

Пхеньян екі Корея арасында ұшақ рейсін ашуды ұсынған

Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин. Оңтүстік Корея, 27 сәуір, 2018 жыл
Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин. Оңтүстік Корея, 27 сәуір, 2018 жыл

Пхеньян Солтүстік және Оңтүстік Корея арасында қатынайтын ұшақ рейсін ашуды ұсынды. Бұл туралы Оңтүстік Корея билігі хабарлады.

Жуырда өткен саммит кезінде Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин екі ел арасында әуежолын да ашуға келіскен.

Осы аптада БҰҰ-ға қарасты авиациялық агенттіктерінің басшылары Солтүстік Кореяға барып, жаңа әуежол ашуға қатысты Пхеньянның ұсынысын талқылайтынын мәлімдеді.

Ал Жапонияның NHK телеарнасы 7 мамырда Пекинге БҰҰ-ның екі жоғары лауазымды шенеунігі келіп, олардың Пхеньянға ұшып кеткенін хабарлады.

Былтыр қазан айында БҰҰ баллистикалық зымыран ұшырғаны үшін Солтүстік Кореяны халықаралық азаматтық авиацияға қауіп төндірді деп айыптаған.

Ким Чен Ынның Оңтүстік Кореяға сапары

Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин Корей түбегін бөліп тұрған демаркация сызығында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен кездесті. 
1/8 Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин Корей түбегін бөліп тұрған демаркация сызығында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынмен кездесті. 
Қос Корея президенттері қол алысқан сәт.
2/8 Қос Корея президенттері қол алысқан сәт.
Ким Чен Ынның шекаралық белгі ретінде қойылған бетоннан аттаған сәті. 
3/8 Ким Чен Ынның шекаралық белгі ретінде қойылған бетоннан аттаған сәті. 
Кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мун Чжэ Ин екі ел арасында енді соғыс болмайтынын және "бейбітшіліктің жаңа дәуірі" басталатынын мәлімдеді. 
4/8 Кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мун Чжэ Ин екі ел арасында енді соғыс болмайтынын және "бейбітшіліктің жаңа дәуірі" басталатынын мәлімдеді. 
Мун Чжэ Ин күзде Пхеньянға сапарлап баруы мүмкін екенін айтты.&nbsp;<br />
&nbsp;
5/8 Мун Чжэ Ин күзде Пхеньянға сапарлап баруы мүмкін екенін айтты. 
 
Кездесу Оңтүстік Кореядағы Пханмунджом жерінде өтіп жатыр.
6/8 Кездесу Оңтүстік Кореядағы Пханмунджом жерінде өтіп жатыр.
Екі ел президенттері жаулық пиғылдағы кез-келген әрекеттерді тоқтатып, шекараның екі жағында қалып қойған отбасылардың қайта бірігуіне жағдай жасауға келісті.&nbsp;
7/8 Екі ел президенттері жаулық пиғылдағы кез-келген әрекеттерді тоқтатып, шекараның екі жағында қалып қойған отбасылардың қайта бірігуіне жағдай жасауға келісті. 
Президенттер1953 жылы Сеул мен Пхеньян Корей соғысы кезінде бейбіт келісімге келгеннен кейін ашылған баққа барып, ағашын екті. Егілген ағаш жанына &quot;Бұл жерде Бейбітшілік пен Өркендеу тамырын жайды&quot; деген жазуы бар тақтайша орнатылмақ.&nbsp;
8/8 Президенттер1953 жылы Сеул мен Пхеньян Корей соғысы кезінде бейбіт келісімге келгеннен кейін ашылған баққа барып, ағашын екті. Егілген ағаш жанына "Бұл жерде Бейбітшілік пен Өркендеу тамырын жайды" деген жазуы бар тақтайша орнатылмақ. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG