Accessibility links

Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын тағы кездесті


Қытай президенті Си Цзиньпин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Далянь қаласында жүр. 8 мамыр 2018 жыл.
Қытай президенті Си Цзиньпин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Далянь қаласында жүр. 8 мамыр 2018 жыл.

Қытай президенті Си Цзиньпин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын тағы кездескен. 8 мамырда Қытайдың мемлекеттік арнасы Си Цзиньпин мен Ким Чен Ынның Далянь қаласында жүрген кадрларын көрсетті.

Қытайлық Xinhua агенттігі екі ел басшылары 7-8 мамырда кездескенін хабарлады.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter парақшасында "Қытай президенті Си Цзиньпинмен телефон арқылы Солтүстік Корея туралы сөйлесетінін жазды.

Бұл - Ким Чен Ынның наурыздан бері Қытайға жасаған екінші сапары. Маусымда Трамп пен Ким Чен Ын кездесіп, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламадан бас тарту мәселесін талқылайды. Трамп жақын уақытта кездесу уақыты мен өтетін жерін жариялайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG