Accessibility links

Канн фестиваліне Қазақстаннан сегіз фильм қатысады


Канн кинофестивалінің ашылу салтанаты қарсаңында. Франция, 8 мамыр 2018 жыл

8 мамырда Канн кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді. 19 мамырда аяқталатын шараға Қазақстаннан сегіз кинокартина қатысады.

Негізгі тізімге Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі енген. Бұл киноны Қазақстан, Ресей, Польша, Германияның бес компаниясы түсірген. «Айканы» түсіруге қазақстандық продюсер Гүлнәр Сәрсенова да қатысқан. Ол бұған дейін Дворцевоймен бірге жұмыс істеген.

Канн фестивалінде "Айка" Қазақстан атынан ұсынылған. Ресейлік Сергей Дворцевой Шымкент қаласының тумасы. 1990 жылдары Ресейге көшіп кеткен.

"Айка" - Мәскеуде бала туып, оны перзентханада тастап кеткен қырғызстандық мигрант қыз туралы драма.

"Айка" фильмімен бірге француз Жан-Люк Годар, ирандық Джафар Панахи, қытайлық Цзя Чжанкэ, италиялық Маттео Гарроне, Ұлыбритания мен Польша атынан байқауға қатысып жатқан Павел

Кинофестивальдың "Ерекше көзқарас" номинациясына қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың шартты атауы "11 ықшамаудандағы атыс" деген фильмі қатысады. Махаббат хикаясына негізделген бұл фильм Канн фестиваліне Қазақстан мен Францияның біріккен жұмысы ретінде ұсынылады.

Бұдан бөлек фестивальде режисерлар Ольга Коротко, Венера Қайыржанова, Берік Жаханов, Алма Баймұратова, Әсел Аушакимова және Жаннат Алшановалардың фильмдері көрсетіледі.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG