Accessibility links

Қазақстан Жеңіс күні мерекесін атап өтіп жатыр


Алматыдағы 28 панфиловшы жауынгер атындағы саябақтағы мәңгілік алау басындағы гүлдер.
Алматыдағы 28 панфиловшы жауынгер атындағы саябақтағы мәңгілік алау басындағы гүлдер.

Екінші дүниежүзілік соғыста нацистік Германияның күйрегеніне 73 жыл толды. Қазақстанда бүгін Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бұл күні Астана, Алматы мен өзге де қалалар мен ауылдарда екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу рәсімі өтеді. Сонымен бірге мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, кей қалаларда соңғы жылдары дәстүрлі шараға айналған "Мәңгі өлмес полк" шеруі өткізіледі.

Қазақстанда Жеңіс күні мейрамы демалыс болып белгіленген.


Кей деректер бойынша, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Совет Одағы құрамында болған Қазақстаннан майданға аттанған 1,2 миллионнан көп адамның үштен бірінен астамы үйіне оралмаған. Майдандағы ерлігі үшін жүздеген мың қазақстандық орден-медальдармен марапатталған. Қазақстаннан соғысқа қатысқан 497 адамға Совет одағының батыры атағы берілген. Соның ішінде төрт әскери ұшқыш бұл атаққа екі мәрте ие болған. Сонымен бірге 110 қазақстандық "Даңқ" орденінің үш дәрежесінің иегері атанған.

Қазіргі таңда Қазақстанда екі мыңнан аса майдангер және соғыс кезінде тылда еңбек еткен жүз мыңнан аса ардагер тұрады.

XS
SM
MD
LG