Accessibility links

Трамп: Солтүстік Кореяда тұтқында болғандар елге келе жатыр


Оңтүстіккореялықтар теледидардан Солтүстік Кореяда тұтқындалған амаерикалық азаматтар жайында хабар көріп тұр. Сеул, 3 мамыр, 2018 жыл
Оңтүстіккореялықтар теледидардан Солтүстік Кореяда тұтқындалған амаерикалық азаматтар жайында хабар көріп тұр. Сеул, 3 мамыр, 2018 жыл

9 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяда тұтқында болған үш америкалық азаматтың Пхеньянға ресми сапармен барған мемлекеттік хатшы Майк Помпеомен бірге елге қайтып келе жатқанын мәлімдеді. Трамп Помпео мен ұлты корей үш АҚШ азаматын күтіп алу үшін Эндрюс әуежайына өзі бармақ.

"Мемлекеттік хатшы Майк Помпео жұрт асыға күтіп отырған жанындағы керемет үш джентельменмен бірге Солтүстік Кореядан кері қайтып келе жатқанын қуанышпен хабарлаймын. Олардың жағдайы жақсы сияқты" деп жазды Трамп Twitter парақшасында.

Ұлты корей АҚШ-тың үш азаматы - Ким Донг Чул, Тони Ким пен Ким Хак Сонг Солтүстік Кореяда ұсталып, ұзақ уақыт түрмеде отырған.

XS
SM
MD
LG