Accessibility links

Кабулда қатарынан бірнеше жарылыс болды 


Кабулда жарылыс болған аймақ.
Кабулда жарылыс болған аймақ.

Ауғанстан астанасы Кабул қаласында жарылыс болып, бірнеше адам зардап шеккен. Елдің Ішкі істер министрлігінің өкілі Наджиб Данештің сөзінше, Кабулдағы полицияның екі бөлімшесіне үш жанкешті шабуыл жасаған.

Министрлік өкілінің келтірген дерегіне қарағанда, шабулдаушылар полицияның екі бөлімшесінің жанына келген бойда атыс бастаған.

Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі шабуыл салдарынан алты адам жараланғанын, зардап шеккендер саны тағы да өсуі мүмкін екенін хабарлады. Әзірге жарылысты еш ұйым мойнына алған жоқ.

Соңғы уақытта Ауғанстанда шабуылдар жиілеп кетті. 30 сәуірде Кабулдағы екі жарылыстан 25 адам қаза тауып, 45 адам жараланған. Қаза тапқандар қатарында Азаттық радиосы Ауған қызметінің үш журналисі болған.

Видео: Журналистер аза тұтқан апта

Жаһан жаңалықтары. Апта 04.05.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:18:05 0:00

XS
SM
MD
LG